$ 485.34
 564.45
 6.53

Ақтөбеде тәулігіне 10 тонна макулатура қайта өңделеді

Редактор
05.06.2026, 23:29
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі
«Lucrum Star» кәсіпорны қағаз қалдықтарын өңдеп, экологиялық ахуалды жақсартуға және гигиеналық өнім өндіруге үлес қосып отыр

Ақтөбе қаласындағы қағаз өңдеу зауыты күніне 10 тоннаға дейін макулатураны қайта өңдейді. Кәсіпорын экологиялық бастамаларды қолдап, өңірді қайта өңделген өнімдермен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күніне орай Ақтөбедегі «Lucrum Star» ЖШС қағазды қайта өңдеу зауытының жұмысы таныстырылды. Кәсіпорын екінші реттік шикізатты өңдеу арқылы өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосуда.

Индустриялық аймақта орналасқан зауытта 86 адам еңбек етеді. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, мұнда тәулігіне 10 тоннаға дейін макулатура өңделеді.

Зауытта «Ромашка», «ГОСТ 90», «Семейная», «Proma» сияқты гигиеналық қағаз өнімдері шығарылады. Қағаз қалдықтары алдымен сұрыпталып, залалсыздандырылады, кейін өңделіп, дайын өнімге айналады.

«Lucrum Star» ЖШС 2022 жылдан бері индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жұмыс істеп келеді. Өндірілген өнімдер Батыс Қазақстан өңірлеріне және еліміздің оңтүстік аймақтарына жеткізіледі.

Мамандардың айтуынша, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асырудағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау