$ 450.79
 524.13
 5.31

Ақтауда жол жиегінде көлік жөндеп жатқан екі адам көз жұмды (ВИДЕО)

Редактор
11.09.2026, 10:09
видеодан скрин
видеодан скрин
Жетібай – Ақтау тасжолында екі адам қаза тапты

9 қыркүйек күні кешке Жетібай – Ақтау тасжолында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, бір «КамАЗ» екінші «КамАЗ»-ды сүйреп келе жатқан. Жол бойында тоқтап тұрған «Газельді» айналып өтпек болған кезде сүйретіліп келе жатқан жүк көлігі «Газельмен» соқтығысқан.

Соққының салдарынан «Газель» жол қоршауына қарай ығысқан. Сол сәтте көлікті жөндеп жатқан екі ер адам «Газель» мен қоршаудың арасында болған.

Екеуі де ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқан барлық көлік мамандандырылған тұраққа жеткізілді.

Қазір тергеу жүргізіліп, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.