$ 470.8
 545.99
 6.6

Ақтауда шетелдік 1 келіге жуық есірткіні жұтып, елге өткізбек болған

Редактор
25.05.2026, 13:30
ҰҚК
ҰҚК
Елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 кг гашиш майын жеткізген қазақстандық ұсталды.

Ақтау әуежайында есірткі капсулаларын жұтып қойған адам ұсталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жалғастырып келеді.

Биылғы жылдың сәуір айынан бастап есірткі жеткізудің 9 халықаралық және 2 өңірлік арнасы жойылды, 1 фитозертхананың қызметі залалсыздандырылды. 

Ақтау қаласының әуежайында жалпы салмағы 1 келі болатын 114 апиын капсуласын денесінде өткізуге әрекеттенген шетелдік азамат ұсталды.

Елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 кг гашиш майын жеткізген қазақстандық ұсталды.

Бұдан бөлек, ірі көлемдегі «көкнәр сабағын» контрабандалық жолмен алып өтуге және таратуға, сондай-ақ аталған шикізаттан есірткі құралдарын өндіруге күдікті адамдардың тұрақты қылмыстық тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолы кесілді.

Барлығы 3,4 кг апиын, 9 кг гашиш, 11,4 кг синтетикалық есірткі, 18,5 кг гашиш майы, 26,4 кг марихуана, 110 г кокаин және 20 тонна көкнәр сабаны, сондай-ақ 150 литрден астам прекурсор тәркіленді. Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен ҚР 23 азаматы және 3 шетелдік ұсталды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі, — делінген хабарламада.