Қоғам

Ажар Ғиният: Алуаға көмек дәл қазір қажет

12:44, 13 маусым 2025 29

Астанадағы автобус апатыннан кейін екі аяғынан айырылған Алуа Бекен Балаларды оңалту орталығында ем қабылдайтын болды деп хабарлайды BairaqMedia.kz.
Бұл туралы осы орталықтың басшысы Ажар Ғиният өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 
 
- Кеше әріптестеріммен бірге ауыр жарақат алған Алуа есімді қыздың отбасына бардық. Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз жасар бүлдіршін екі аяғынан айырылды.Аталған жағдай орын алған күннен бастап орталығымыз Алуаға қажетті көмекті көрсету жолдарын қарастырып келеді. Бастапқыда протез орнатылғаннан кейін кешенді оңалту курсын ұсынуды жоспарланған едік. Алайда анасы Махаббаттың айтқан уайымдары мен Алуаның мазасыз күйі- көмекті дәл қазір бастау қажет екенін көрсетті-деп жазды бұрынғы Денсаулық сақтау министрі.
-Қазіргі уақытта Алуа қалалық ауруханада ем алып жатыр. Кеше анасы Махаббатпен кездесуде ауруханадан шыққан соң қызымыз біздің орталықта кешенді оңалту курсынан өтетін болып келісілді. Бұл кезеңде мамандарымыз оның физикалық жағдайын қалпына келтірумен қатар, психологиялық және әлеуметтік бейімделуіне де жан-жақты қолдау көрсететін болады.
Алуағы көмек көрсету- біздің кәсіби борышымыздан бұрын, адами жауапкершілігіміз-деп түйіндеді Ажар Ғиният.
 
Автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қаршадай қыз туралы біз бұған дейін де жазғанбыз. Оны мына жерден оқыңыз!

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз