Қоғам

Астанадағы автобус апаты: екі аяғынан айырылған қыздың анасы халықтан көмек сұрады

21:47, 07 маусым 2025 100

Астанада болған автобус апатынан екі аяғынан бірдей айырылған 7 жасар Алуа Бекеннің анасы халықтан көмек сұрайды. Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы жазды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Анасының айтуынша, Алуа түнімен ұйықтамай, шошып ояна беретін болған.
 
Автобус апаты болғанын енді есіне түсірді. Әкімдік пен автопарк өкілдері психолог әкеліп, Алуаға коляска беріп көмектесіп жатыр. Сақтандырумен қашан, қанша өтемақы берілетінінен хабарым жоқ, – дейді анасы.
 
Гүлбану Әниятқызының мәліметінше, қыз 1-сыныпты бітіріп, әжесімен Астанаға қыдырып келген. Автобуста бүкіл отбасы болған. «Мега» ойын-сауық орталығынан келе жатқанда жүргізуші көшенің шетіндегі бағананы көрмей қалып, соған соғылған. Әжесі терезеден ұшып кеткен, ал Алуаның бір аяғы темірге қысылып, жұлынып қалған. Дәрігерлер оған ота жасап, екінші аяғын тізеден төмен ампутация жасады. 
 
Баланың анасы ажырасқан, 5 баласы бар. Зардап шеккен қызы Алуаға күтім керек болған соң, Егіндікөл ауылындағы балабақшадағы жұмысынан шығып, Астанаға келген. Алуаның еміне көп қаржы керек, амалсыз жұрттан ақша жинауға мәжбүр болып отыр екен. Қиналып отырған отбасыға көмек әлі де керек , – деп жазды журналист.

Айта кетсек, бұған дейін Астана әкімдігі зардап шеккен баланың отбасына алғашқы күндерден бастап жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеген болатын. Әкімдік өкілдері мен автобус паркі қызметкерлері зардап шеккен қыздың туыстарымен кездесіп, бірқатар көмек түрін ұсынған. Атап айтқанда:

 Автопарктің сақтандыру полисі есебінен 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі қарастырылған (қазіргі уақытта заң аясында рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр).

Бұдан бөлек, автопарк тарапынан қосымша 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданған.

Отбасы Ақмола облысынан келгендіктен, Астанада емделу және оңалту кезеңінде тұрғын үй жалдау бойынша көмек ұсынылған.

Алайда, Алуаның анасы өтемақының көлемі мен оның қашан берілетінінен бейхабар екенін айтып отыр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада автобус апатынан зардап шеккен адамдардың үшеуі ауыр хәлде жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Алуаға көмек бергісі келетіндер үшін: 

Kaspi : +7 702 029 38 18 Махаббат Т. (Алуаның анасы)

 Карта: 4400 4303 0919 8254

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз