Белгілі емші Бағдагүл әлеуметтік желіде продюсер Баян Алагөзоваға қарата пікір білдіріп, оның Мөлдір Әуелбековаға қатысты айтқан сөздеріне қатысты ойын ашық жазды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Жазбада ол «әйелдер арасындағы өзара қолдау» тақырыбын көтеріп, Мөлдірге қатысты айтылған сынмен келіспейтінін жеткізген.
"Мына Баян деген менен өтіп кеткен екен. Женская солидарность жоқ екен. Мөлдірге олай тиісуіңізге ешқандай хақыңыз жоқ. Мөлдірдің жас кезінде болған. Ондай жас кезде бәрінде болады. Жасың 50-ге келіп кімге пір боласың. Сен жыртықсың, ол тесік. Жыртық тесікке күліпті деп отырсың ба? Тоқтатсайшы. Қазіргі Мөлдірдің сипаты нағыз қазақ қызының сипаты. Сіз қызық екенсіз. Мүмкін концертіңізге барды ұстазым деп. Сен ондай оранған киімдерге қарсысың, мен білемін. Енді келіп жұрттың алдында Мөлдірді талап жатырсың", - дейді ол.