$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

50 мың адам, 249 техника: Түркістанда ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Редактор
17.10.2026, 21:15
Түркістан
Түркістан
Облыста «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өтті

2026 жылғы 17 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Асарлату» экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – арық-атыздар мен суару каналдарын қоқыстан тазарту, су арналарының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сонымен қатар бастама халықты ортақ іске жұмылдырып, елді мекендерді абаттандыруға және ұлттық құндылығымыз – асар дәстүрі арқылы бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталды.

Экологиялық іс-шараға 50 283 адам қатысып, тазалық жұмыстарына 249 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 384,5 тонна қоқыс шығарылып, 448,9 гектар аумақ тазартылды. Сондай-ақ 215,7 шақырым арық тазаланып, 1 150 ағаш егілді және 6 206 ағаш әктелді.


Аталған бастама қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызын көрсетті.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай игі істер халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге және қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау