$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті: Еркін Ғаббасов тарихи жеңіске жетті

Редактор
19.10.2026, 10:37
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын медальді сыйлады

Қазақстандық параспортшы Еркін Ғаббасов Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Еркін Ғаббасов пара оқ атудан 10 метр қашықтықта пневматикалық винтовкамен нысана көздеудің R1 санатында сынға түсіп, 249,1 ұпай жинады. Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық спортшы чемпион атанып қана қоймай, жарыстың жаңа рекордын орнатты.

Сонымен қатар Еркін Ғаббасов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, екінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы Парк Джинхо 248 ұпаймен иеленсе, үшінші орынға 226 ұпай жинаған Ли Джанхо тұрақтады.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов бұған дейін де халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен. Ол Парижде өткен Паралимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, Еркін Ғаббасовтың жеңісі Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесі ретінде тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау