$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

«Реал Мадридтің» жаттықтырушысына қазақтың ұлттық шапаны сыйға тартылды (ВИДЕО)

Редактор
19.10.2026, 12:27
видеодар алынған скрин
видеодар алынған скрин
Қазақстандық блогер Жозе Моуриньюге шапан жауып, отандық Coca-Cola сыйлады

Қазақстандық танымал блогер Дастан Мұхамедрахим Мадридте әйгілі футбол жаттықтырушысы Жозе Моуриньюмен кездесіп, оған қазақтың ұлттық шапанын сыйлады. Сондай-ақ Қазақстанда өндірілген Coca-Cola сусынын ұсынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz

Әлеуметтік желіде bydastann лақап атымен танылған блогердің айтуынша, оның видеоларының бірін Coca-Cola компаниясының өкілі байқап, Мадридке шақырған. Оған Қазақстанда өндірілген сусынды арнайы алып барып, әлемге әйгілі жаттықтырушы Жозе Моуриньюге ұсыну ұсынылған.

Кездесу барысында Моуринью қазақстандық Coca-Cola сусынының дәмін татып көріп, қазақтың ұлттық шапанын киіп көрді. Кейін блогермен бірге естелік суретке түсті. Дастан Мұхамедрахим ерекше кездесуден алған әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, бұған дейін ол оқырмандарына Қазақстанның көпшілік біле бермейтін жетістіктері туралы айтып жүрген. Енді сол жетістіктерді әлемге танымал футбол маманына таныстыру мүмкіндігі туған.

«Бұл – Қазақстанды әлемге танытудың тағы бір мүмкіндігі. Мен үшін ерекше әрі ұмытылмас сәт», – деп жазды блогер.

Қазақстандық блогердің әлемге әйгілі жаттықтырушымен кездесуі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау