$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

«Жеті күні өткенше күтуге болар еді»: Мөлдір Мұқанға желі қолданушылары шүйлікті

Редактор
28.09.2026, 15:49
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Мөлдір Мұқанның биі елге жақпай қалды

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан қыздарымен бірге Астанада өткен Қайрат Нұртастың концертіне барып, көңіл көтерген сәтінен видео жариялады. Алайда бұл жазба әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігінің сынына ұшырады. Олар Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан кейін мұндай видеоны жариялау орынсыз болғанын жазды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Желіде тараған видеода Мөлдір Мұқан қыздарымен бірге концертте билеп, көңіл көтеріп жүргенін көруге болады. Кадрларға пікір қалдырған оқырмандардың бір бөлігі оның көңіл көтеруіне емес, видеоны елде қаралы оқиғадан кейін жариялағанына назар аударған.

«Мөлдір қыз, қыдырсаң да, билесең де, елдегі қаралы жағдайды ескеріп, видеоларыңды жас кеткен боздақтардың жеті күні өткен соң жүктеуге болар еді. Көршінің үйіндегі қайғы – менің қайғым емес дегендей болдыңдар. Жастарға үлгі көрсетер жаста бола тұра...», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман:

«Кеше ғана қыршын кеткен 14 боздағымызды жер қойнына тапсырды. Аза тұтып, қайғырып үлгермей жатып көңіл көтерген видеолар жарияланып жатыр. Өте өкінішті», – деп пікір білдірген.

Кейбір қолданушылар шоу-бизнес өкілдері мен блогерлердің елдегі қайғылы жағдайларға көбірек назар аударуы керектігін жазған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау