$ 455
€ 498.77
₽ 5.56

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионы атанды

Редактор
22.11.2026, 11:59
Фото: International Judo Federation
Фото: International Judo Federation
Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге бір алтын және бір қола медаль бар

Санжар Ерұланұлы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Қазақстан құрамасының өкілі 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалға дейін сүрінбей жетті.

Шешуші белдесуде отандасымыз Жапония спортшысы Сокей Хираномен кездесті. Нәтижесінде Санжар қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін осы салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Асқар Біржанов қола жүлдеге ие болған еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге бір алтын және бір қола медаль бар.