Алматы қаласы мен Алматы облысында әртүрлі уақытта із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адамның мәйіті табылды. Олардың бірі төрт күн бұрын, екіншісі бір жылдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
1985 жылы туған Мұрат Байтуов 17 қараша күні таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол «Ветеран-10» саяжай бірлестігінде тұрған. Еріктілердің мәліметінше, 21 қарашада ер адамның мәйіті табылған. Оның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
Екінші жағдай Алматы қаласында тіркелген. 1971 жылы туған Қалдыбай Берінбетов 2025 жылғы 8 қарашада Алатау ауданындағы үйінен шығып, із-түзсіз жоғалған. Араға бір жылдан астам уақыт салып, 2026 жылғы 20 қарашада оның да мәйіті табылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта екі азаматтың қандай жағдайда көз жұмғаны жөнінде нақты ақпарат жоқ. Өлім себептері де жарияланбаған.