$ 475.38
 547.73
 5.93

«Жау жасаудың қажеті жоқ»: Алтынай Жорабаева әнші Айгүл Иманбаеваны тойына шақырмай қойды

Редактор
05.08.2026, 10:25
Фото: Aikyn.kz
Фото: Aikyn.kz
Айгүл Иманбаева тойға шақырылмаған.

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде Алтынай Жорабаеваның қызының ұзату тойына не себепті бармағанын айтты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, Алтынай Жорабаева тойға шақырмаған.

«Алтынай Жорабаева ең әуелі менің әріптесім және баламның қарындастарының анасы. Өзін де, өнерін де құрметтеймін. Тойға шақырту алмағаныма еш ренішім жоқ. Әркім өз қуанышына кімді шақыратынын өзі біледі, бұл – әр адамның жеке таңдауы. Мүмкін ішкі ойы, мүмкін маған деген өзіндік көзқарасы себеп болған шығар. Ол жағын білмедім. Көрген жерде сәлеміміз түзу, сыйластығымыз орнында. Тек жақсылық тілеймін!», – деді Айгүл Иманбаева. 

Сондай-ақ ол өзін Алтынаймен дауластыруға тырысатын адамдарға үндеу жасады. 

«Екі өнер адамынан жау жасаудың қажеті жоқ. Бізді араластырып, жарыстырып, шоу жасауға тырыспаңыздар. Ондай деңгейден өтіп кеткенмін. “Кезінде құшақтасып жүрдіңіздер ғой” деп мін іздеудің де керегі жоқ. Иә, өмірдің ол кезеңдерінен де өттік, өту керек болды. Әркім өзінің өтетін жолын, өз уақытында өтеді. Бұл тақырыпты осымен жапқанымыз дұрыс болар. Мен тек ізгілік пен бақыт тілеймін», – деді әнші.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау