АҚШ астанасы Вашингтонда ұшақ апаты болды. Әуе көлігі қонуға бет алған кезде тікұшақпен соғысып қалған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Апат Ақ үй мен Капитолийден 4 шақырым жердегі Рональд Рейган атындағы әуежайдың маңында болған. Шағын ұшақ Потомак өзеніне құлады.
Sikorsky U-60 әскери тікұшағының бортында үш адам болған.
American Airlines әуе компаниясының мәліметінше, құлаған ұшақ бортында кемінде 60 жолаушы болған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Потомак өзенінен 18 адамның мәйіті шығарылды деп хабарлады CBS телеарнасы.
Вашингтон маңында жолаушылар ұшағымен соқтығысқан әскери тікұшақ АҚШ астанасынан 40 км қашықтықтағы базаға бет алған.