Қоғам

Үш ит талаған бала оқиғасы: Бақылау камерасынан видео жарияланды

17:30, 04 шілде 2025 14

Алматы облысында 10 жасар баланы талап тастаған иттердің иесі бақылау камерасынан алынған видеоны көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

Бұл видео Instagram желісіндегі Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығының парақшасында жарияланды. Пост авторының айтуынша, бейнежазбаны иттердің иесі берген. 

Тағы оқыңыз: «Олар қымбат иттер, ақшасын төлейсің»: Баланы құтқарып қалған зейнеткерден ит иелері өтемақы талап етті

Видеода баланы иттердің талаған сәті нақты көрсетілмеген. Кадрда орталық аумағындағы қоршаудың сыртында футбол добымен ойнап жүрген екі бала көрінеді. Иттердің қатты үрген дауысы естіледі, ал видео соңына қарай шамамен зардап шеккен баланың айғайы аяқтайды.

Пост авторының сөзінше, видео түсірілген аумақта, яғни реабилитациялық орталықта - алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдар емделеді. Сол жерде кинолог та тұрады және ол өз иттерін вольерлерде ұстайды. Автордың жазуынша, оқиға күні аулада еркін жүрген американ булли тұқымдас иттер болған.

Иесі балалардың ойнап жүріп, бірін-бірі итеріп, біреуі орталық ауласына құлап кеткенін айтады. Қоршау темірден жасалған, баланың жарақат алуы мүмкін. Бірақ әзірге сараптама жүргізілген жоқ, тіпті бола ма, белгісіз. Иттер үшін бұл бөтен адам, жануарлар өз аумағын қорғайды. Дегенмен, иесі сараптама жүргізуді сұрап отыр - мүмкін жаралар профлистен болуы мүмкін, – делінген жазбада.

Тағы оқыңыз: «Құлағын жұлып алған»: Алматы облысында 10 жасар баланы үш ит талап тастады

Авторда басқа да видеолар барын, бірақ оларды жариялауға әлі рұқсат берілмегенін айтқан.

Қазір стадионда бос жүрген иттер туралы жалған ақпарат таралуда. Иттер қаңғыбас болған деген де сөз бар. 40 жылдан аса кинологиямен айналысатын адамды жалғыз кінәлі етіп көрсетпекші. Ал шын мәнінде ол иттерді аула ішінде, өз аумағында ұстаған. Жұрт иттерді жоюды талап етіп отыр. 

Тағы оқыңыз: «Бала иттерді өзі ызаландырды»: Алматы облысында балаға шабуыл жасаған иттердің иесі өз нұсқасын айтты

Ояныңыздар! Мәселеге басқа қырынан қараңыздар, бұл жеке аумақ, вольерлер бар. Адам ол жерде 25 жылдан астам уақыт бойы реабилитациямен айналысып, 40-тан астам итті баққан. Мұндай қайғылы жағдай алғаш рет болып отыр. Өзі де шокта. Бірден баланы емдетуге көмек ұсынды, бірақ соған қарамастан оның қоршауын сындырып, иттерін өлтірген. Ең қызығы, көшеде пышақпен жүрген бейтаныс адам болды, – деп жазды автор.

Еске салайық, оқиға куәгерлерінің айтуынша, Жалпақсай ауылында иттер жеке аумақтан шығып кетіп, 10 жасар балаға шабуыл жасаған еді. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз