Бірер күн бұрын Алматы облысы Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында үш төбет - бір питбуль мен екі ротвейлер 10 жастағы балаға шабуыл жасап, құлағы мен сан етіп жұлып алды деген жаға ұстатарлық ақпарат тараған болатын. Балаға шабуыл жасаған иттердің иесі өз нұсқасын айтты, деп жазады bairaqmedia.kz.
Оңалту орталығының директоры, иттердің иесі Алмаз Халиевтың сөзінше, оқиға болған күні бала иттерді өзі ызаландырған көрінеді.
"Балалар орталықтың қоршауының жанында ойнап жүрген. Бір уақытта қоршауға көтеріліп, иттерді мазақ етіп, ызаландырды. Аулада бес айлық екі күшік болды. Үлкен иттер қоршауда отырды. Екі бала иттерді ашуландырды. Бір кезде баланы екіншісі күзетілетін аумаққа итеріп жіберді. Бізде балалардың аумаққа бара жатқаны түсірілген видео бар. Содан кейін олар көзге көрінбей, тек дауысы шығып жатты. Бала жерге құлап, айқайлай бастады. Екіншісі қашып кетті. Шамасы, ол көмекке адам шақырғысы келді", – дейді Халиев.
Тағы оқыңыз: «Олар қымбат иттер, ақшасын төлейсің»: Баланы құтқарып қалған зейнеткерден ит иелері өтемақы талап етті
Халиевтің айтуынша, балаға күшіктер шабуыл жасаған.
"Бала жабық қақпадан өте алмай қалған. Оны баланы құтқарған адам ашты. Ол кісі баланы алып шығу үшін есікті ашып, ішке кірді. Ер адам аумаққа кіріп, екі күшікті сол жерде пышақтаған. Жалпы, олар дәрменсіз күшіктер. Ал ер адам болса оны пышақтап тастады. Енді ол кісі оқиғаның күзетілетін аумақтан тыс жерде болғанын айтып отыр. Иттер ешқашан аумақтан тыс жерде жүрген емес. Бұл жағдай сыртта емес, іште болды", – дейді орталық директоры.
Орталық директорының айтуынша, иттер мекеме аумағында тұрады және "белгілі бір дәрежеде" қауіпсіздік қызметін атқарады. Ол жануарларды ұстау ережелерін сақтайтынын және қоршауда бес жылдан бері "Абайлаңыз, зұлым иттер" деген белгі ілініп тұрғанын жеткізді.
Тағы оқыңыз: «Құлағын жұлып алған»: Алматы облысында 10 жасар баланы үш ит талап тастады
Еске салайық, бұған дейін итке таланған баланың анасы Екатерина Бурмистровамен хабарласқан едік. Ол ұлының жағдайы ауыр, беті мен денесі жараланған дейді. Иттердің оңалту орталығына тиесілі екені анықталды. Анасы барлық құжатты жинап, сотқа жүгінбек. Ұмтыл округінің әкімі мен полиция оқиғаны растады. Ит иелеріне айыппұл салынып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Балаға көмек көрсету үшін жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер қаражат жинап жатыр.