$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Ұшақ бортында төтенше жағдай: Денсаулық сақтау вице-министрі дәрігерлік көмек көрсетті

Редактор
13.11.2026, 10:44
видеодан алынған кадр
видеодан алынған кадр
Нәтижесінде жолаушының жағдайы тұрақталғаны айтылды

Астана–Тараз бағытындағы әуе рейсі кезінде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған. Сол сәтте ұшақта болған Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткені хабарланды, деп жазды Вairaqmedia.kz.

Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, ұшу барысында 38 жастағы Ресей азаматының қан қысымы күрт көтеріліп, жүрегі айнып, әлсіздік пен тыныс алудың қиындауы байқалған. Бортта басқа медицина қызметкері болмағандықтан, дәрігерлік тәжірибесі бар вице-министр Манас Рамазанов жолаушыға көмек көрсетуге кіріскен. Ол әйелдің қан қысымын өлшеп, қажетті медициналық шараларды жүргізген.

Нәтижесінде жолаушының жағдайы тұрақталғаны айтылды. Сонымен қатар вице-министр Тараз әуежайына жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Ұшақ қонғаннан кейін әйел медицина қызметкерлерінің қарауына беріліп, оған әрі қарай тиісті көмек көрсетілген.

Айта кетейік, Манас Рамазанов – медицина ғылымдарының докторы. Ол ұзақ жылдар бойы хирургия саласында еңбек еткен. 2026 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау