$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Қазақстандық екі боксшы Олимпиадада ел қоржынына күміс медаль салды

Редактор
13.11.2026, 10:59
ҰОК
ҰОК
Бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта Ақнұр Тұрсынғали да финалға шыққан болатын

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық боксшылар Бибарыс Әшірбай мен Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бибарыс Әшірбай финалда Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен жұдырықтасты. Британдық боксшы алғашқы раундтан бастап басымдық танытып, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Бибарыс Әшірбай Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды.

Бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта Ақнұр Тұрсынғали да финалға шыққан болатын. Ол шешуші кездесуде бразилиялық Сара Кампоспен күш сынасты. Алғашқы раундта қазақстандық спортшы басым түскенімен, қарсыласы кейінгі екі раундта жеңіске жетіп, жекпе-жек 4:1 есебімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау