$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Ант қабылдау кезінде есінен танып қалған сарбазға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Редактор
13.11.2026, 14:36
видеодан скрин
видеодан скрин
Бейнежазбадағы азамат мерзімді әскери қызметін толық өтеп, кейін запасқа шығарылған

Әлеуметтік желілерде әскери ант қабылдау рәсімі кезінде өзін жайсыз сезініп, құлап қалған сарбаздың бейнежазбасы қайта таралып жатыр. Алайда бұл оқиға биыл емес, 2024 жылы Аягөз гарнизонында болған, деп хабарлады Вairaqmedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің түсіндіруінше, әскери қызметшінің жағдайы ант қабылдау рәсімінде қатты толқығандықтан нашарлаған. Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Ведомство сарбаздың денсаулығына қауіп төнбегенін атап өтті. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының мәліметінше, бейнежазбадағы азамат мерзімді әскери қызметін толық өтеп, кейін запасқа шығарылған.

Осылайша, әлеуметтік желілерде қайта жарияланып жатқан кадрлар қазіргі жағдайды көрсетпейді.Оқиғаның уақытын нақтыламай, ескі бейнежазбаларды жаңа ақпарат ретінде тарату қоғамды жаңылыстыруы мүмкін. Орталық әлеуметтік желі қолданушылары мен ақпараттық парақшаларды жарияланатын мәліметтердің шынайылығын тексеруге шақырды.

Сонымен қатар көрінеу жалған ақпаратты қасақана тарату заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау