Қоғам

ҰҚК синтетикалық есірткі тасымалының халықаралық арнасын жойды

11:51, 03 мамыр 2025 27

Астана және Алматы қалалары бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның көмегімен синтетикалық есірткіні елге жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасын ұйымдастырғандар қамауға алынды

Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша ҰҚКД жедел қызметкерлері прокуратураның көмегімен есірткінің ірі партиясы бар қойманы тапты.

Есірткі затын сақтады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстанның азаматы қамауға алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, есірткі аймақта жұмыс істейтін ірі есірткі дүкенінің мүддесі үшін интернет арқылы сатылған.

Осы іс-шаралардың нәтижесінде 18 келі психотроптық заттар мен 500 литрден астам прекурсорлар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз