Алматыда тәртіп сақшылары жеке үйлердің біріне өрт қойған адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Полцияның мәліметінше, тұрғындардың бірі белгісіз біреудің үйінің қоршауын өртеп жібергенін айтып шағым түсірген.
«От қойған адамТөле би көшесінен менің үйіме қарай әдейі жанғыш затпен барған. Бұл уақытта үйде кішкентай балалар болды», - деді тұрғын.
Оқиға 11 ақпан күні сағат 11:30 шамасында Тұрғұт Озал көшесінде болған. От қойған адам бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Өрт салдарынан ешкім жапа шекпеді. Қасақана өрт қойған адамды полиция іздеп жатыр.
«Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын және қылмыстың себебін анықтауға бағытталған жедел іс - шаралар жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.