Қоғам

«Уәлибек Әбдірайымов қайтыс болды»: Оқиғаның мән-жайы анықталды (ВИДЕО)

08:29, 02 тамыз 2025 6491

Әлеуметтік желіде белгілі актер, Шаншар театрының директоры Уәлибек Әбдірайымовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Актер бұл ақпараттың жалған жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған хабарда Уәлибек Әбдірайымовтың "жол апатына" ұшырағаны жайлы ақпарат айтылған.

«Қазақ өнері қара жамылды. Белгілі актер, Шаншар театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов көлік апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Шымкент облыстық театры баспасөз хатшысы Ғалия Өсербаева. Қаралы хабарды шәкірті Ғалымжан Қалыбаев өзінің Инстаграм парақшасына салып, Уәлибек Әбдірайымов ақ көңілді кісі еді деп жазды. Қайғылы оқиға бүгін сағат 17:30-да Шымкент қаласында бір қызды күштеп, зорлықпен алып қашып бара жатқан Уәлибек Әбдірайымовтың жоғары жылдамдықпен жүрген көлігі, жолдан тайып кеткен», - делінген желіде тараған ақпаратта. 

Ал актер өзінің "өліміне" қатысты пікір білдірді.

«Мен Батыс еуропада жүрсем, біреу мені өлтіріп қойыпты. Мен өзіме жанзаны, жетісін айтпағанына өкпеледім. Солай қазір шулап жатыр екен. Қазір шетелге келдім. Кеше Германияда болғанмын. Өзім қорқып кеттім, тірімінба әлде өлімінба деп», - дейді актер.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз