$ 444.3
€ 490.91
₽ 5.41

Қазақстанда бес электр станциясы әлі де қауіпті аймақта: Тоқаевқа есеп берілді

Редактор
17.11.2026, 08:52
Ақорда
Ақорда
Министрдің мәліметінше, еліміздің барлық өңірінде жылыту маусымы қалыпты өтіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдап, еліміздегі жылыту маусымының барысы, электр станцияларының жағдайы және жанар-жағармай қоры туралы есеп тыңдады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Министрдің мәліметінше, еліміздің барлық өңірінде жылыту маусымы қалыпты өтіп жатыр. Биыл электр станцияларын жөндеуге бөлінген қаржы 384 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылған. Нәтижесінде жылу электр орталықтарының тозу деңгейі төмендеп, апат қаупі жоғары «қызыл аймақтағы» станциялар саны беске дейін қысқарған. Елдегі жанар-жағармай қоры 1,2 миллион тоннаға жеткен. Мұнай өңдеу көлемі 4,7 пайызға, ал электр энергиясын өндіру 2,3 пайызға артқан. Сондай-ақ жыл соңына дейін Қазақстан халқының 64,5 пайызы немесе 13,2 миллион адам табиғи газбен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр. Қазір Қашаған мен Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауыттары салынып жатыр.

Бұдан бөлек, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 12 миллион тоннаға дейін арттыру және Атырау облысында жаңа мұнай-химия кешенін салу жобалары қолға алынған. Кездесу қорытындысында Президент халықты жылумен және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуді, жанармай мен көмір нарығындағы тұрақтылықты қатаң бақылауды тапсырды. Сондай-ақ энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау