Қоғам

Тұрсын Алагөзовтен пәтер алғандар жаңа баспаналарына кірді

21:12, 21 маусым 2025 7

Galanz Bottlers компаниясының басшысы Тұрсынғали Алагөзов мамырдың аяғында өз қызметкерлеріне жүз пәтер сыйлаған болатын. Олар бүгін жаңа баспаналарына кірген, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл туралы кәсіпкердің әйелі, продюсер Баян Алагөзова парақшасында жазды.

Бүгін Galanz Bottlers қызметкерлері күйеуім сыйлаған жаңа пәтерлерге алғаш рет кірді! Мен олардың әрқайсының қуанышына ортақпын, – деп жазды Баян Алагөзова.

Оның айтуынша, 20 маусымда компанияның 30 қызметкері пәтер кілтін алды. Қалғандары жаңа баспана құрылысының аяқталғанын күтеді.

Желідегі видео мен суреттерге қарағанда, пәтерлердің бәрінің есігі бірдей, тек нөмірі басқа. Соған қарағанда, жаңа баспанаға ие болған қызметкерлердің бәрі көрші тұрмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы мамырдың аяғында кәсіпкер қарамағындағы 100 қызметкерге жаңа пәтер сыйлаған болатын. Кәсіпкердің осы әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз