Саясат

Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

11:33, 05 қыркүйек 2025 21

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты.

Президент ҚХР басшысымен жүргізген келіссөз нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барған болатын. Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытай Халық Республикасына баратыны 26 тамызда белгілі болды. Бағдарлама 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз