Аймақ

Жат ағымдармен күрес: Түркістандық теологтар Мансап орталығында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

15:31, 05 қыркүйек 2025 25

Түркістанда жұрттың жат ағымның жетегінде кетуін алдын алу мақсатындағы түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл жолы мамандар Мансап орталығына табан тіреді.  Онда деструктивті діни ағымдардың қоғам тұтастығына кері әсері тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары бойынша сектор меңгерушісі Е.Қыдырбай және қалалық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Б.Нуриддинов қатысты.

Теолог маман жат ағымдардың шығу тарихын, олардың белгілерін, дәстүрлі бағыттан айырмашылығын және келешекте қоғамға тигізер қауіптілігі туралы толыққанды ақпарат берді. Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желілердегі кез-келген уағыздарды тыңдаудан сақтану керек. 

Кез-келген діни сұрақтың жауабын қалалық әкішілікте жұмыс істейтін теолог мамандардан, мешіт имамдарынан, дін қызметкерлерінен немесе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстазадарынан сұрау қажет екенін атап өтті.

Әдеттегідей кездесу соңында сұрақтар қойылып, теолог маман тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз