$ 446.56
 512.34
 5.3

«Таза Қазақстан»: Астананың «Көктал» саябағында ағаш отырғызу акциясы өтті

Редактор
19.09.2026, 15:39
Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі
Акцияға ардагерлертде атсалысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елорданың Сарыарқа ауданында орналасқан «Көктал» саябағында ағаш отырғызу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Экологиялық акцияға белсенді тұрғындар, Ардагерлер кеңесінің және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Акцияға қатысушылар аумақты көгалдандыруға және қоғамдық кеңістікті абаттандыруға өз үлесін қосты. Бірлесіп ағаш отырғызу қоршаған ортаға ұқыпты қараудың және елорданың экологиялық жағдайына жауапкершілікпен қараудың үлгісіне айналды.

«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың аумақтардың тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Мұндай іс-шаралар қаланы көгалдандыруға және мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау