Спорт

«Үйленіп кететіндей...»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың «екінші әйелі» туралы айтты

17:13, 05 қыркүйек 2025 44

Желіде белгілі әнші Қайрат Нұртастың бейтаныс қалыңдықпен түскен видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Көпшілік түрлі пікір білдіріп жатқан кезде, әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

“Қоя салыңдаршы! Той көйлегін жарнамалау үшін түсірілімге шақырған. Ол әйелдің отбасы мен бала-шағасы бар. Күйеуі бар келіншек. Үйленіп кететіндей шулап жатырсыздар. Не болса соны жаза бермеңіздер! Видеоға музыка қойып, монтаждаудың керегі жоқ. Хайп жинап қайтесіңдер”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз