$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

Баян Алагөзованың құрбысы жақынынан айырылғанын айтты

Редактор
11.11.2026, 15:02
әлеуметтік желі
әлеуметтік желі
Дизайнер Аида Кауменова қаралы хабар жеткізді

Қазақстандық танымал дизайнер Аида Кауменова отбасындағы қайғылы жағдай туралы хабарлады. Оның әкесі Мұрат Қауменов өмірден өтті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Дизайнер суық хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, әкесіне деген сағынышы мен жүрекжарды естелігін бөлісті. Аида Кауменованың айтуынша, әкесі өмір бойы балаларына қамқор болып, олардың жанынан табылуға тырысқан. Өзі әке мейірімін көрмей өскендіктен, перзенттеріне ерекше көңіл бөлген.

«Әкем Мұрат Қауменов өмірден өтті. Әрдайым маған сенім артып: "Қызым, өзім әкесіз өстім, сол себепті әрқашан жандарыңда боламын, сіздерге әрдайым қамқорлық жасаймын" деп отыратын асыл адам еді», – деп жазды дизайнер.

Әкесінің осы сөздерін еске алған Аида Кауменова оның отбасы үшін қаншалықты қымбат жан болғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау