Аймақ

Лаңкестік үшін сотталған адамның өкініші: 15 жыл өмірім зая кетіп жатыр

11:35, 05 қыркүйек 2025 41

Лаңкестік үшін 15 жылға сотталған Атырау облысының тумасы Әділбек Бекқұлов өткен ісі үшін өкінеді. Бұл туралы ол Түркістан облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша түсірілген бейнежазбада айтқан, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 2012 жылы радикалды идеологияға арбалған жерлестеріміз еліміздің батыс өңірінде террористік топтар құрып, Сирия, Ауғанстан, Пәкістан аймағындағы лаңкестермен байланыс орнатпақ болған. Күштік құрылымдардың ғимаратына шабуыл жоспарлап, арнайы операция кезінде бірнеше бүлікшінің көзі жойылады. Тұтқындалған 16 адамға «терроризмді насихаттап, теракт жасауға жария түрде шақырып, лаңкестік топ құрды және оған басшылық етті, қызметіне қатысып, қаржыландырды» деген айыптар тағылған. Солардың қатарында Әділбек Бекқұлов та бар.

26 адам болды. 10 адам сол жерде өлді. 16-мыз қалдық. Бәріміз сотталдық. Біздің Әміріміз болды. Ол ұсталған жоқ. Ол Сирияға кетіп қалды. Сол бізді тартпақшы болды Сирияға. Сол кезде 2012-де 300 мыңдай ақша аудардық олардың шоттарына. Кейін Сирияда соғысып келген жігіттер айтты,  «ана жақта сендердің ақшаларыңа қыдырып жүр» деді. Өз көздерімен көріп, келіп айтты. Содан кейін біз таң қалдық, - деді ол.

 Сотталушы өз өмірімді өзім құрттым деп күйінеді. Әрі бұл ісім үшін өкінемін деп отыр.

Өмір зая кетуде. 15 жыл... Осы істегеніме өкінемін. Жастарға айтарым, адастыратын дәрістер тыңдамаңдар. Біз сияқты мына жерге келіп, өкініп отырмаңдар. Жылағым келіп отыр..., - деді сотталушы.

 Сондай-ақ, ол жақындарынан кешірім сұрады. Әрі көпшілікті жат ағымның жетегінде кетпеу үшін аса сақ болуға шақырды. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз