Саясат

Президент мұнай-газ саласына жасанды интеллектіні енгізу қажеттілігін айтты

12:45, 05 қыркүйек 2025 24

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін айтты.

"Жалпы, еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өзіндік дәстүрі, бай тарихы бар. Осы саланың қалыптасып, өркендеуіне бірнеше буын өкілдері зор еңбек сіңірді. Сіздерді аға буынның лайықты ізбасары деуге болады. Қазір мұнай-газ саласында екі жүз мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында Қазақстанымыз өркендеп, көркейіп жатыр. Мен мұны жоғары бағалаймын. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент былтыр қазақ мұнайының 125 жылдығы аталғанын еске салып, биыл да осы сала үшін айтулы жыл екеніне тоқталды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шикізат өндірумен қатар, оны терең өңдеуге баса мән беретінін айтты.

Ол Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылғанын, жүйелі жұмыстың нәтижесінде 13 миллионға жуық адам табиғи газға қол жеткізгенін мәлімдеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз