Маңғыстау облысында бейіт басындағы мәрмәр құлпытасты белгісіз адамдар ұрлап кеткен, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әлеуметтік желіде марқұм жұбайының қабіріне барған әйелдің бейнежазбасы тарады. Ол 45 жыл бірге ғұмыр кешкен күйеуінің бейітінде орнатылған мәрмәр құлпытастың жоғалып кеткенін айтып, қатты қапаланғанын жеткізді.
«Былтыр қайтыс болған жолдасымның жыл садақасын дайындап келіп-кетейінші деп келсем, мынадай жағдайға тап болдым. Онсыз да адамдар бір-бірімен қырылып, жер бетіне сыймай жүргенде, жер астында тыныш жатқан адамды жайына қоймағандарың не сұмдық? Мына мәрмәрді алып кеткен жігіттер, өздеріңе сондай ауыр күнә артып алдыңдар!», – дейді бейнежазбадағы әйел.