Белгілі актер Рахман Омар журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында отбасына қатысты жеке сырын бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Актердың айтуынша, оның екі некеден дүниеге келген 6 баласы бар. Алайда, өкінішке қарай, олар бір-бірімен араласпайды.
«Бір әттеген-ай бар. Балаларым отбасыммен араласпайды, тек менімен араласады. Іштей балалық эгоизм болады ғой. Қызғаншақтығы болатын шығар. Олар «араласпай-ақ қояйықшы» деді. Енді оған уақыт керек. Менің той басқарып, асаба болып жүргеніме 20-30 жыл болды. Сол кезде басында араласпай жүріп, кейін араласып кеткен отбасыларды көрдім. Сондықтан үмітсіз шайтан. Құдай қаласа сол күнге жетерміз.
Қазір үлкенім 28 жаста, екіншім 25 жаста. Одан кейінгі ұлым Дастан 2010 жылғы 10-сыныпқа аяқ басты. Құдай берген 5 ұл, бір қызым бар.
6 баланың әкесімін. Тұңғышым үйленді. Қайын ата болып үлгердім, бірақ әлі ата болған жоқпын. Жастар асықпайды екен. Біз үйленгенде өмірге ұрпақ әкелуге асығатын едік. Қазіргі жастар «алдымен жағдайымыз жасап алайық» дейді», – деді Р. Омар.