Қоғам

Тоқаев жаңа министрге бірқатар нақты міндетті жүктеді

16:22, 08 маусым 2025 18

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі лауазымынан босатып, оның орнына Дәурен Қосановты тағайындағанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз