Президент Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі лауазымына тағайындады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұған дейін ол Қорғаныс министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған.
Дәурен Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы, ҚазКСР, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.
Бұған дейін атқарған қызметтері:
Үшарал жауынгерлік полкіндегі қызмет;
Талдықорғандағы "Су-27" эскадрильясының командирі;
Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;
Шымкент авиабазасының командирі;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;
Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры;
2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды
"Әскери ұшқыш мерген". II дәрежелі "Даңқ" орденімен, "Жауынгерлік ерігі үшін" медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.