$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Тоқаев Түрікменстанға барды: маңызды сапардың мақсаты белгілі болды

Редактор
08.10.2026, 10:59
Ақорда
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, деп хабарлайды  Вairaqmedia.kz.

Мемлекет басшысының Түрікменстанға сапары Қазақстан мен көршілес мемлекет арасындағы екіжақты қарым-қатынастар аясында өтіп жатыр.

Қазақстан мен Түрікменстанды тарихи және мәдени байланыстар, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық біріктіреді. Екі ел көлік-транзит, энергетика және өңірлік қауіпсіздік бағыттарында өзара іс-қимыл жасап келеді.

Түрікменстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі саналады. Екі мемлекет те өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға және экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделі.

Ақорданың мәліметінше, Президент 7 қазан күні Түрікменстанның Аваза қаласына келді. Мемлекет басшысын әуежайда Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды. 

Тоқаев қандай жиындарға қатысады?

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен ұйымдастырылған сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев 8–9 қазан күндері үш маңызды халықаралық іс-шараға қатысады:

  • Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуі;

  • ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы;

  • Каспий экология саммиті.

Кездесулерде өңірлік ынтымақтастық, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимыл және Каспий теңізінің экологиялық мәселелері талқыланады деп күтілуде. 

Сапардың маңызды бағыттарының бірі – Каспий теңізінің экологиялық жағдайы. Бұл мәселе теңіз жағалауындағы мемлекеттер үшін ортақ маңызға ие.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау