Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мәртебелі мейманның құрметіне резиденция үстінен Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік туларын желбіреткен Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары ұшып өтті.
Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.
Бұдан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Салтанатты қарсы алу рәсімінен соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон келіссөз жүргізді.