Семей қаласында жолаушылар автобусы қозғалыс кезінде өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, жалынды толықтай сөндірді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 6 қарашада Қаржаубайұлы көшесінде болған. Автобус қозғалыс барысында отқа оранған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері бірден өрт сөндіру жұмыстарына кірісіп, қысқа уақыт ішінде жалынды ауыздықтады.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт шыққан сәтте автобустың ішінде жолаушылар болмаған.