$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Алматыда Меладзенің концерті кезінде төбелес шығарған әйел 5 тәулікке қамалды

Редактор
07.11.2026, 12:15
Уид
Уид
Оқиға 4 қарашада Almaty Arena концерт залында болған

Алматыда Валерий Меладзенің концерті кезінде болған жанжалға қатысқан әйелдердің бірі бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция оқиғаға қатысы бар үш көрерменді анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оқиға 4 қарашада Almaty Arena концерт залында болған. Куәгерлердің айтуынша, концерттің аяқталуына жақын екі әйел фан-аймақ арқылы сахнаға қарай өтіп, жолындағы көрермендерді итере бастаған. Жанжалға байланысты Валерий Меладзе сахнадан көрермендерге үн қатқан.

Оқиғадан кейін күзет қызметкерлері жанжал шығарған әйелдерді залдан шығарып, концерт жалғасын тапқан.

Полицияның хабарлауынша, жанжалға қатысқан үш әйелдің екеуі Алматы облысының тұрғындары. Олардың біріне сот шешімімен бес тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалса, екіншісі қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін айыппұл арқалаған.

Ал Тараз қаласының тұрғыны болған үшінші әйелге қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған.

Бұдан бөлек, полиция концерттің тоқтатылғаны туралы жалған ақпарат жариялаған Instagram парақшасының иесін де анықтап, оған айыппұл салған.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу және көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау