$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.4

Тоқаев Парламентаралық одақ президенті Милтон Дикті қабылдады

Редактор
19.11.2026, 19:39
Ақорда
Ақорда
Милтон Дик Парламентаралық одақтың президенті ретінде ресми сапармен барған алғашқы ел Қазақстан екенін атап өттІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президенті, Аустралия парламенті өкілдер палатасының спикері Милтон Дикпен кездесті. Бұл туралы Вairaqmedia.kz хабарлады.

Кездесу барысында Президент Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті қызметіне сайлануымен құттықтап, жаңа лауазымына табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның аталған ұйыммен көпжылдық ынтымақтастығын жоғары бағалап, серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ елімізде саяси жүйені жаңғырту және демократиялық институттарды дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан реформаларға тоқталды.

Өз кезегінде Милтон Дик Парламентаралық одақтың президенті ретінде ресми сапармен барған алғашқы ел Қазақстан екенін атап өтті. Ол елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге жоғары баға берді.

Кездесу соңында тараптар парламенттік дипломатияны дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және Қазақстан мен Аустралия арасындағы ынтымақтастықтың келешегі жөнінде пікір алмасты.