Жетісайда тойдағы орынсыз тілек үшін азамат қамауға алынды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі заң алдында барлық азаматтың тең екенін еске салды. Ведомствоның мәліметінше, жынысына, дінге көзқарасына немесе өзге де белгілеріне байланысты кез келген кемсітушілікке заңмен тыйым салынған.
Сондай-ақ министрлік азаматтарды қоғамдық тәртіп пен өзара сыйластық қағидаларын сақтауға шақырды.
«Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын, әйелдерді кемсітетін, діни немесе әлеуметтік алауыздықты қоздыратын, сондай-ақ қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған кез келген жария мәлімдемеге заң талаптарына сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді ІІМ.
Айта кетейік, желіде Жетісайдағы тойдан бейнежазба тараған болатын. Онда қалыңдықтың туысы жиналғандарды мерекеде ішімдіктен бас тартып қана қоймай, әншілер мен артистерді "шайтанның азаншысы" деп атап, тойда музыкаға толықтай тыйым салуға шақырған.
Ішкі істер министрлігі бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
Сондай-ақ желіде тараған видеодан аталған ер адамды полиция қызметкерлері қамауға алған сәтті көруге болады.