Қоғам

Техниканы жаңғыртуға бөлінген 26 млрд теңге орманды өрттен құтқара ма?

12:00, 15 сәуір 2025 43

Орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техникасын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, жыл басынан бері ведомствоға қарасты мекемелер үшін 3,7 млрд теңге көлемнде 136 шағын орман өрт сөндіру кешені мен 60 трактор жеткізілген. Маусымның соңына дейін тағы 166 өрт сөндіру машинасы, 27 шағын орман өрт сөндіру кешені және 11,3 млрд теңге сомасына 15 трактор жеткізілмек. 

«Облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жарақтандыруға биыл жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге және лизинг есебінен 20 млрд теңге бөлді. Осылайша, жыл соңына дейін әкімдіктердің орман шаруашылықтарына 26,3 млрд теңге сомасына 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман өрт сөндіру кешенін және 247 трактор сатып алу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан шаралар еліміздің ең өрт қаупі жоғары 11 өңірінде орман шаруашылығын жаңартуға және 100% жарақтандыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр.
Еске сала кетсек, ШҚО-да қазір өрт сөндірушілер өртенген қамыс пен құрғақ шөпті ауыздықтай алмай жатыр. Сөндіру жұмыстарына тікұшақ тартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз