$ 450.62
€ 504.2
₽ 5.36

Танымал рэпер Қазақстанға кіреберісте ұсталды: көлігінен есірткі табылды

Редактор
15.10.2026, 08:20
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
 Жамбыл облысында ресейлік рэп орындаушысы Наваи Бакиров (Navai) ұсталды

Қазақстанда ресейлік рэпер Navai есірткі контрабандасына оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады  Bairaqmedia.kz.

Жамбыл облысында ресейлік рэп орындаушысы Наваи Бакиров (Navai) ұсталды. Ол есірткі заттарының контрабандасына оқталды деген күдікке ілінді.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, әнші 13 қазанда Қазақстанға кіреберістегі «Қордай» шекара бекетінде ұсталған. Ол мінген көлікті тексеру кезінде есірткі заты анықталып, тәркіленген. Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, 14 қазанда әншінің Астанада концерті өтуі керек болған. Алайда ұйымдастырушылар іс-шара басталуына бірнеше сағат қалғанда концерттің техникалық себептерге байланысты өтпейтінін хабарлаған.

Navai (Наваи Бакиров) – ресейлік рэп және поп орындаушысы, танымал HammAli & Navai дуэтінің мүшесі болған, кейін жеке орындаушы ретінде де танылған. Оның көпшілікке танымал әндерінің қатарында «Девочка-война», «Прятки», «Птичка» және «Засыпай, красавица» бар.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау