$ 450.62
€ 504.2
₽ 5.36

Қазақстанда ұсталған танымал рэпер екі айға қамауға алынды

Редактор
15.10.2026, 15:32
Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі
Рэпер Navai екі айға қамауға алынды

Жамбыл облысының Қордай аудандық соты рэпер Наваи Бакировты екі ай мерзімге қамауда ұстауға санкция берді. Бұл туралы  Bairaqmedia.kz «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі уақытта ресми органдар істің егжей-тегжейін жарияламай отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеуге қатысты 201-бабы негіз болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу тыйым салынған заттарды контрабандалық жолмен өткізуге оқталу күдігіне байланысты жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Navai 13 қазанда Қазақстанға кіреберістегі «Қордай» шекара бекетінде ұсталған. Ол мінген көлікті тексеру кезінде есірткі заты анықталып, тәркіленген.

Қылмыстық істің мән-жайы әзірге толық жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау