$ 450.62
€ 504.2
₽ 5.36

Анасының басында жалғыз қалған сәті жүректі елжіретті: желіде әсерлі видео тарады

Редактор
15.10.2026, 17:59
Коллаж Байрақмедиа
Коллаж Байрақмедиа
Сәкен Майғазиевтің анасының басында жалғыз қалған сәті желі қолданушыларын толқытты

Бахрам Джамалов әлеуметтік желіде әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай әженің басында жалғыз қалып, Құран оқып, жылаған сәті түсірілген видео жариялады, деп хабарлады Bairaqmedia.kz

Видео авторының айтуынша, жұрт тарағаннан кейін Ұлтай әженің анасының басында жалғыз қалғанын көріп, жүрегі елжіреді. Ол анадан айырылудың қаншалықты ауыр екенін терең сезінгенін жазды.

«Анадан айырылудың қандай ауыр екенін бүгін терең сезіндім. Анаға деген махаббат пен сағыныштың шегі жоқ екен», – деп жазды Бахрам Джамалов.

Сондай-ақ ол марқұм Ұлболсын әженің артында иманды, парасатты ұрпақ қалдырғанын атап өтіп, жатқан жері жайлы, қабірі нұрлы болуын тіледі.

«Алла күнәларын кешіріп, жәннаттан орын нәсіп етсін! Ана жүрегі балам деп соқса, бала жүрегі анам деп мәңгі соғады», – деп түйіндеді видео авторы.

Threads-тегі жазбаны көру

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау