$ 482.49
 556.75
 5.79

«Шындықты айтатын уақыт келді»: Актриса Зарина Кармен тосын мәлімдеме жасады

Редактор
19.03.2026, 10:04
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Актрисаның жазбасы көпшілікті ойландырып тастады.

Әлеуметтік желіде ел алдында абыройлы тұлға болып көрінетін кейбір жандарға қатысты жазба қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Аталған пікірдің авторы — актриса Зарина Кармен. Ол көпшілікке үлгі болып жүрген адамдардың шынайы болмысы мүлде басқаша болуы мүмкін екенін меңзеген.

«Ел алдында “тұлға” болып көрінетін кейбір жандардың шын мәнінде қандай ұсақ, өсекке жақын екенін көргенде, еріксіз ішің ашиды. Бетперденің ар жағындағы ақиқат мүлде бөлек», – делінген жазбада.

Сондай-ақ актриса қоғамда шындықты айтудың маңызын атап өткен.

«Шындықты айтатын уақыт келді. Үндемеу — енді жай ғана таңдау емес, ол — қылмыс», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл пікірге қатысты түрлі көзқарас білдіріп, ашықтық пен әділдік мәселесін талқылауда.