Ақтөбе қаласындағы 112 пультіне Станционная көшесінде орналасқан үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінде түтін шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, кіреберісте қоқыс пен терезе жақтауының жанғаны анықталды. ТЖМ қызметкерлері өртті шағын аумақта сөндірді.
Құтқарушылар баспалдақ арқылы 6 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Тағы 22 адам, оның ішінде 6 бала, ғимараттан өздігінен шықты. Ықтимал қауіптің алдын алу мақсатында құтқарушылар көлемі 50 литр болатын тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккендер жоқ.