$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Депутаттық корпусты жаңарту мәслихаттардың жұмысын күшейтеді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Редактор
12.10.2026, 11:36
Ақорда
Ақорда
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттар мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектенов және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы консультация барысында мәслихаттардың азаматтардың заңды мүдделерін қорғаудағы, жергілікті бюджеттерді бекітудегі және өңірлердің дамуын бақылаудағы маңызды рөліне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың жұмысын едәуір күшейтетініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес өткен консультациялар барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесіне қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесу қорытындысында Президент түпкілікті шешім Конституция талаптарына толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып қабылданатынын мәлімдеді.

Әзірге мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау