$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Аспанда төтенше жағдай: пауэрбанк өртеніп, ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Редактор
12.10.2026, 11:10
видеодан скрин
видеодан скрин
Басылымның хабарлауынша, бортсеріктер өртті сөндірді

Үндістанның IndiGo әуе компаниясының Делиден Ченнайға бет алған 6E 6115 рейсінің салонында пауэрбанк өртеніп, Хайдарабад қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

"IndiGo әуе компаниясының Делиден Ченнайға бағыт алған рейсі жолаушылардың бірінің пауэрбанкі әуеде өртенгеннен кейін Хайдарабадтағы Раджив Ганди атындағы халықаралық әуежайға бағытталды", – делінген басылым хабарламасында. 

Басылымның хабарлауынша, бортсеріктер өртті сөндірді.

Әуе компаниясының мәліметінше, борттағы жағдай бақылауға алынып, ұшақ әуежайға аман-есен қонған. Жолаушылардың Ченнай қаласына жетуі үшін қосымша ұшақ ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқиғаға байланысты рейс кестесінің бұзылуына орай жолаушыларға тамақ беріліп, қажетті ақпарат ұсынылған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау