$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

«Әлхамдулиллаһ!»: Дастан Сәтпаев Англияда қуанышты жаңалығын жеткізді

Редактор
12.10.2026, 11:29
Фото: Instagram/ChelseaFc
Фото: Instagram/ChelseaFc
Дастан Сәтпаев Англияда алаңға қайта оралып, мәлімдеме жасады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып, Англияның «Бернли» клубы сапында қайта алаңға шықты. 18 жастағы футболшы әлеуметтік желіде қуанышын бөлісті, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Англия Чемпионшипінің тоғызыншы турында «Бернли» сырт алаңда «Уотфордпен» кездесіп, қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл матч қазақстандық шабуылшы үшін ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы ойын болды. Кездесуден кейін Дастан Сәтпаев әлеуметтік желідегі парақшасында алаңға қайта оралғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Әлхамдулиллаһ, қайта оралғаныма қуаныштымын!» – деп жазды футболшы.

Айта кетейік, Сәтпаев қыркүйек айының басынан бері жарақатына байланысты ойындарға қатыса алмаған. Ол тізе асты сіңірін жарақаттап алып, ағылшын клубының төрт кездесуін өткізіп жіберген. Сондай-ақ осы жарақатына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасындағы матчтарына да қатыса алмады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау